Әмбебап қанатшалы «I-SU-и» ӘҚЭСЕ су есептегіштері суық және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің құбырлары арқылы ағатын суық ауыз су мен ыстық судың көлемін өлшеуге арналған.
Қолдану аясы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары, тұрғын үйлер, пәтерлер және т.б.
Есептегіштің жұмыс істеу қағидасы есептегіш арқылы өтетін су ағынымен айналатын қанатты шығын түрлендіргішінің айналым санын өлшеуге негізделген. Қанатшаның айналым саны есептегіш арқылы ағып өткен судың көлеміне пропорционал болады. Құбырдан келген су ағыны есептегіштің кіріс келте құбыры арқылы корпустың ішіне түседі, қанатты шығын түрлендіргішін айналдырады және шығыс келте құбыры арқылы құбыр желісіне өтеді.
СЕРТИФИКАТТАР
- Өлшем құралдарының түрін бекіту - Жүктеп алу
- Паспорт - Жүктеп алу
- Өлшеу құралдарының түрінің сипаттамасы - Жүктеп алу
- Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды - Жүктеп алу
Егер сіз көтерме сатып алушы болсаңыз, тапсырыс картасын жүктеп алып, толтырыңыз да
- «I-SU-и» әмбебап қанатты импульсті су есептегішіне арналған тапсырыс картасы - Жүктеп алу


