News

МЭКС ұлттық жобасы: NERO Group өндірістік алаңдарына жұмыс сапары

МЭКС ұлттық жобасы: NERO Group өндірістік алаңдарына жұмыс сапары

Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев энергия ресурстарын есепке алу құралдарын шығаратын отандық кәсіпорындардың қызметімен танысты.

Іссапар барысында делегацияны Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Жаннат Дубирова, сондай-ақ «ҚазцентрТКШ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Солтамбеков бастап жүрді.

Делегация «Nero Group» ЖШС өндірістік алаңдарын аралап, мұнда электр энергиясын, су, газ және жылу энергиясын есепке алу құралдарын өндіру, сондай-ақ энергия ресурстарын цифрлық мониторингтеу жүйелерін енгізу жолға қойылғанымен танысты.
NERO Group компаниялар тобы «ПИТ Алатау» АЭА резиденті болып табылады.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттары жыл сайын:
▪️ 1,2 млн-ға дейін электр энергиясын есепке алу құралын
▪️ 1,5 млн-ға дейін су есептегіштерін
▪️ 1 млн-ға дейін газ есептегіштерін
▪️ 25 мыңға дейін жылу энергиясын есепке алу құралын шығаруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорында 150 қызметкер еңбек етеді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша «NERO INDUSTRIES» ЖШС өндіріс көлемі 20 млрд теңгеге жетіп, жергіліктендіру деңгейі 70% болды. Биыл бұл көрсеткішті 95%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Сапар барысында кабель өнімдерін өндіруді іске қосу, сондай-ақ газ есептегіш құралдарының түрлерін кеңейту жоспарлары таныстырылды.
Сонымен қатар Energo University (АУЭС) бірлесіп Smart Energy ғылыми-білім беру кластерін құру бастамасы ұсынылды. Бұл жоба инженерлік кадрларды даярлауға және энергетика саласындағы қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған.

NERO Group Қазақстанның энергетика саласын цифрландыруға және МЭКС ұлттық жобасын іске асыруға өз үлесін қосуды жалғастырады.

IMG_8818122564343267.jpg

IMG_8818122564343267562.jpg

IMG_881812256434326756265.jpg

Interested? Call us at +7 777 540 05 30

About Company

We are open to collaboration and new projects. Contact us to discuss solutions that will make your business more efficient and the energy sector smarter.

baitereklogo

Working hours

  • Monday - Friday: 09.00 – 18.00
  • Saturday: 11.00 - 17.00