Барлық аспаптар қызмет ету мерзімі бойына метрологиялық тексеруден өткізіледі.
Бізде мыналар бар:
- Компанияның меншігіндегі жеке жабдықтар;
- Құрамына Мемстандарт органдарында белгіленген тәртіппен аттестатталған тексеру қондырғылары мен жылжымалы тексеру зертханасы кіретін заманауи метрологиялық қызмет;
- Аталған жұмыс көлемдері мен түрлерін орындайтын білікті әрі еңбек өтілі бар қызметкер.
Жылжымалы тексеру зертханасы
- Топтың өлшеу құралдарын (жылу есептегіштер, шығын өлшегіштер, су есептегіштер, кедергі термотүрлендіргіштері, газ есептегіштер, бірфазалы және үшфазалы электр энергиясы есептегіштері) тексеру бойынша қызмет көрсететін аккредиттелген тексеру зертханасы бар;
- Қолданыстағы ЖТЗ аккредитация аттестаты №KZ.P.10.1964, 10.11.2017 ж.;
- «Мобильді тексеру қондырғысы» пайдалы модельге патент №2049, 31.01.2017 ж.;
- Оқыған және аттестатталған тексерушілер;
- Өлшеу құралдары орнатылған орынға жақын жерде қызмет көрсету (жылу есептегіштер, шығын өлшегіштер);
- Тексеру құнының арзандығы.
- Жылжымалы тексеру зертханасы жылу есептегіштерді, шығын өлшегіштерді және су есептегіштерді тексеруді жүзеге асыруда сәтті қолданылып келеді.
