Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің сапары аясында NERO Group компаниясының құрылтайшысы әрі басшысы Ерлан Ибрайымович Набиев компанияда іске асырылып жатқан және перспективалы инвестициялық жобалар туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Алдағы жылдары NERO Group командасы жоғары деңгейдегі локализациямен, заманауи жоғары технологиялық өндірістерді іске қосуды жоспарлап отыр.
Аталған бастамаларды жүзеге асыру энергетика саласына арналған сұранысқа ие өнімдерді шығару арқылы ішкі нарықты нығайтуға бағытталған.



